МузАрт - Сағындым Құмарым да өзің, сыңарым да өзің, Тең келер саған жан бар ма? Қиялың көкте қимасын шектеп, Адасып жүрген жандаймын. Азабы батып асса да уақыт, Аңсаудан сені талмаймын.
Ерікке салсам, қорғаны болсам, Дақ түспес аппақ арыңның. Амалсыз қалып, от болып жанып, Сағындым, қалқам, сағындым.